Павлодар облысында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың аймақ тұрғындарымен кездесуі өтеді
05.12.2024 15:09:31 1863
2024 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Кочетов Евгений Дмитриевич Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарланған.
Азаматтарды жеке қабылдау Павлодар қаласында (2024 жылдың 9 желтоқсанында сағат 14:30, М. Жүсіп көшесі, 35/1, («Достық үйі») өтеді.
Жеке қабылдауға жазылу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771) 592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/896869