Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді

Мәжіліске Салық кодексінің жобасына түзетулер пакеті енгізілді

24.02.2025 02:32:22 792

2025 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді. Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.
Негізгі түзетулер мыналарды қамтиды:
Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/942558