Рамиль Камалов Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды
25.02.2025 03:09:51 737 ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен бұрын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған Камалов Рамиль Фаткулович Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.
1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі арнайы жоғары.
Азаматтық қорғау органдарында 1993 жылғы қыркүйектен бастап қызмет атқаруда. Мемлекеттік өрт қадағалау инспекторынан Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/943632