Қостанай облысы автокөлік жасау саласына инвестиция тартуда
25.02.2025 21:07:40 1078
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd және Hua An International Investment Management LLP қытайлық компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде автомобиль өнеркәсібіне арналған алюминийден жасалған дөңгелек дискілерін өндіру мүмкіндігі талқыланды.
Beijing Jinghanlin Mould Manufacturing Co. Ltd – Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы, Еуропа және АҚШ елдеріне алюминий дөңгелек дискілері мен автоқосалқы бөлшектерін экспорттайтын жетекші өндірушілердің бірі. Қазіргі таңда инвесторлар Қазақстанды өндірісті кеңейту үшін әлеуетті аймақ ретінде қарастыруда.
Қостанай облысында жаңа кәсіпорынның ашылуы Қазақстандағы автомобиль жасау саласындағы «жергілікті қамту» үлесін арттыруға ықпал етеді. Бұл қадам отандық автопромның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жаңа өндірістік қуаттардың дамуына серпін береді. Өнімнің басым бөлігі экспортқа шығарылуы мүмкін, бұл өз кезегінде өңірдің автомобиль жасау орталығы ретіндегі позициясын нығайтады.
Қостанай облысы автомобиль өнеркәсібінің қарқынды дамуының арқасында әлемдік автоқұрауыш өндірушілерінің назарын аударуда. Өңірде жаңа өндірістер үшін қолайлы жағдай жасалған, және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/945702