"Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік акция өткізді.

"Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті әлеуметтік акция өткізді.

26.02.2025 13:09:30 1188

«Заң мен Тәртіп» жобасы шеңберінде 18-23 ақпан аралығында Қостанай қаласының мектеп оқушылары арасында қаржылық пирамидаларға қарсы тұру, вейптердің зияны және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында әлеуметтік акция ұйымдастырылды. Бұл шараны Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті (Қостанай облысы бойынша ЭТТД) балалардың назарын маңызды әлеуметтік мәселелерге аудару үшін шығармашылық арқылы – сурет салу байқауы түрінде өткізді.
Қостанай қаласының 120-дан астам оқушысы қаржылық қылмыстардың алдын алу, вейптердің зияны және қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы туралы өз ойларын бейнелеген суреттер байқауына қатысты. Олардың жұмыстары қарапайым әрі түсінікті формада ұсынылып, жас қатысушылардың кең аудиторияға өз ойларын жеткізуіне мүмкіндік берді.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстары 18-23 ақпан аралығында «Костанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығында көрмеге қойылды. Келушілер балалардың шығармашылығымен танысып, қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттерге қатысты маңызды тақырыптарды қамтыған суреттерді тамашалай алды. Бұл шара қоғамның әлеуметтік қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға, қаржылық қауіптер мен олардың салдары туралы көбірек білуге ынталандыруға ықпал етті.
Конкурс қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ЭТТД үш жеңімпазды анықтап, оларға Департамент басшысының атынан грамоталар мен Marvin дүкендер желісінен тауар сатып алуға сертификаттар табыстады. Жеңімпаздар өз жұмыстарында өнер мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шебер ұштастыра білді.
Көрме 23 ақпанға дейін жалғасады. Барлық келушілер оны тамашалап, заманауи қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ой қозғап, мектеп оқушыларының қаржылық қауіпсіздік пен зиянды әдеттерге қарсы тұруға бағытталған шығармашылық еңбектерін бағалауға мүмкіндік алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/946120