Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды
26.02.2025 21:09:10 1111
Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Тиналович Кулбаев 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Айбол Тиналович 1986 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Қазақ спорт және туризм академиясында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавры, 2010 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистрі, 2015 жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша докторы дәрежелерін алған. 2018 жылы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде «Спорттағы менеджмент пен маркетинг» мамандығы бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясының аға оқытушысы, ғылым, халықаралық байланыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры, бөлім жетекшісі, ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры лауазымдарында қызмет атқарған.
2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры лауазымында қызмет атқаруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/946016