ХВҚ-мен өзара іс-қимыл: Мәди Такиев: Қазақстандағы жаңа миссия басшысымен кездесті
26.02.2025 23:08:52 638
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) Қазақстан бойынша миссиясының жаңа басшысы Николя Бланшенің орнына келген Али Аль-Эйдпен кездесу өткізді.
Мәди Такиев Али Аль-Эйдті тағайындалуымен құттықтады және ХВҚ Келісім баптары аясында тұрақты миссиялар, мақсатты консультациялар жүргізгені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ХВҚ тарапынан техникалық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында ХВҚ мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Алматы қаласындағы Кавказ, Орталық Азия және Моңғолияның әлеуетін дамыту өңірлік орталығының мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/946589