Астанада оқушылар ұстаздарына ерекше жолмен алғыс білдірді
28.02.2025 15:08:54 781
Елордадағы «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінде Алғыс айту күніне орай 250-ге жуық оқушы ұстаздарына ерекше алғыс білдірді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Мектеп қабырғасында түсірілген әсерлі видеожазбада бастауыш сынып оқушылары музыка пәнінің мұғалімі Талғат Желдібаевтің «Алғыс айту» әнін шырқады.
«Бүгін мектебімізде Алғыс айту күніне орай оқушыларымыз ұстаздарын қарсы алып, шынайы ризашылықтарын білдірді. Бізге бейбіт өмір, тұрақтылық пен болашаққа нық қадам басу мүмкіндігін берген қасиетті жерімізге мың алғыс»,- деді мектеп директоры.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/947967