Қазақстан Климаттық өлшеуді ескере отырып, мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауды бастайды

Қазақстан Климаттық өлшеуді ескере отырып, мемлекеттік шығыстар мен қаржылық есептілікті бағалауды бастайды

03.03.2025 19:09:28 627

Қазақстан Республикасында мемлекеттік шығыстарды бағалауды, қаржылық есептілікті және оның климаттық өлшемін (Мемлекеттік шығындар және қаржылық есептілікті бағалау - PEFA) жүргізу бойынша жұмыс басталды.

Бағалау жүргізудің мақсаты-мемлекеттік қаржыны басқарудың қаржылық ашықтығы мен тиімділігін, сондай-ақ тұтастай алғанда елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

PEFA бағалауы Үкіметке мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын ұлттық деңгейде объективті бағалауға мүмкіндік береді және одан әрі реформалар үшін негіз жасайды.
Бұл бағалау Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінің қолдауымен жүргізіледі.

Өз кезегінде Адриан Фоззард, Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия аймағындағы институттар бойынша тәжірибе жетекшісі және Чекдем Аким, Азия Даму Банкінің мемлекеттік сектор басқармасының директоры елдің мемлекеттік қаржыны қаншалықты тиімді басқаратынын, сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттіктер мен инвесторлар үшін маңызды ақпаратты ұсынатын PEFA бағалауын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі PEFA әдістемесі мемлекеттік қаржының "жасыл" экономиканы қаншалықты қолдайтынын және елдің климаттың өзгеруіне бейімделуіне көмектесетінін талдайтын Климаттық бағалауды (PEFA Climate) қамтиды. Сондай-ақ, серіктестер кейіннен бағалау ұсынымдарын іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
PEFA мемлекеттік қаржыны басқарудың бүкіл жүйесін, соның ішінде бюджеттеуді, шығындарды және аудитті бағалайды. Атап айтқанда, бағалау қаржылық есептіліктің ашықтығы, шығындар мен кірістерді болжау және жоспарлау, фискалдық стратегия, сыртқы бақылау және аудит, шығыстарды климаттық бағалау аспектілерін қамтиды.

Елдегі мемлекеттік қаржы жүйесін басқарудағы негізгі рөлді ескере отырып, PEFA бағалау процесін Қаржы министрлігі үйлестіреді.

Семинар барысында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков атап өткендей: "Қазіргі әлемде инвестициялар сенім бар жерге келеді. Экономикалық саясатқа, мемлекеттік институттарға, қаржыны басқаруға деген сенім. Сондықтан PEFA бағалауы шешуші рөл атқарады".

Сондай-ақ, бағалауға Жоғары аудиторлық палата, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросы, Ұлттық экономика, ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрліктері қатысады.

Ағымдағы жылы PEFA бағалауы 2022-2024 жылдар кезеңінде жүзеге асырылады. Қазақстан үшін соңғы PEFA бағалауы 2018 жылы жарияланған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/949901