Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттеріне мәскеулік мамандар шеберлік сынып өткізуде

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттеріне мәскеулік мамандар шеберлік сынып өткізуде

04.03.2025 01:15:54 528

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясының шығармашылық мектебі өтіп жатыр.

Мәскеуден келген қонақтар студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ өнер әлеміне қызығушылық танытатындар үшін де шеберлік сыныптары мен ашық іс-шаралар өткізіп, дәрістер оқыды. Делегация құрамында музыка ғылымы мен орындаушылық өнердің жетекші шеберлері де бар.

Дәрістер «Музыкатану және композиция», «Арт-менеджмент», «Арнайы фортепиано», «Вокалдық өнер» және «Дирижерлеу» секілді білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған.

Шығармашылық мектеп 28 ақпанға дейін жалғасады. Іс-шара Еркеғали Рахмадиев атындағы үлкен залда консерваторияның аралас студенттік хорының қатысуымен өтетін концертпен қорытындыланады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947448