Қарағандылық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
04.03.2025 01:18:48 682
Қарағандылық Әмір Омарханов Монастирдегі (Тунис) ITF санатындағы теннис турнирінің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды olympic.kz.
Екінші айналымда ол италияндық Лука Констаньоланы (738 АТР) жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.
Ширек финалда Әмір неміс Том Гентцпен (472 АТР) ойнайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/948067