ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан барша азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан барша азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

04.03.2025 01:19:56 352

Құрметті отандастар!
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің атынан барша азаматтарды Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды.
Осы мейірімділік, ынтымақ пен достықтың мерекесінде Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне үлес қосып жүрген қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/948797