Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады

Алматы-Дананг әуе бағыты ашылады

04.03.2025 01:21:41 649

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
Биылғы жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Алматы-Дананг бағыты бойынша Вьетнамға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) Airbus A321LR ұшағымен орындалады.
Нәтижесінде, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 32-ден 34-ке дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/949152