Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
07.03.2025 18:10:09 1232
8 наурыз қарсаңында Қостанай облысында Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Бұл күні қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген әйелдерге құрмет көрсетілді.
Іс-шара аясында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің үздік әйелдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Кәсіби еңбегі мен адалдығы үшін «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, мәдениет және бизнес салаларының өкілдеріне тапсырылды. Ал көпбалалы аналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен марапатталды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген Құмар Ақсақалов өңір әйелдерінің тек өз салаларында жетістікке жетіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол нәзік жандыларға еңбектері, даналығы мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбасылық береке және көктемгі көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Мерекелік концерт шынайы құрмет пен алғысқа толы әсерлі шараға айналды. Өңір өнерпаздарының музыкалық және шығармашылық нөмірлері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әйелдер қауымының қоғамдағы рөліне тағы бір мәрте назар аудартты.
Халықаралық әйелдер күні – бұл жай ғана мереке емес, сондай-ақ әйелдердің жанкештілігіне, рухани мықтылығына және әлемге сыйлайтын махаббатына шынайы ризашылық білдіру мүмкіндігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/953291