Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты

Алматы облысының оқушылары мектеп аулаларына 1000-нан аса құс ұясын орнатты

18.03.2025 21:11:11 1166

Аталған шара “Халықаралық құстар күніне” орай, Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің базасында ұйымдастырылды.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты Орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1000 торғай ұясын жасап, оларды мектеп оқушыларына табыстап, ал мектеп оқушылары болса өздерінің білім беру мекемелерінің аумағына орналастырды.

Бұл құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар қалыптастыруға мүмкіндік берумен ғана қоймай, өңірдің экожүйесін сақтауға да жастардың зор үлесін қосуы деп танысақ қателеспейміз.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, табиғатты қорғау балалық шақтан қалыптасады, ал табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция.

Бұл эко-акция облыстың барлық аудандарында да өз жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/959903?lang=kk