Қазақстан, Финляндия және Гана ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы сараптамалық бағалармен бөлісті
29.03.2025 19:01:12 429Астана, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) Шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші сессиясының төрағасы ретінде «Arms Control Today» басылымы (АҚШ-тағы «Arms Control Association» талдау орталығы шығаратын) үшін ұйымдастырылған сараптамалық сұхбатқа қатысты.
Талқылауға ЯҚТШ Дайындық комитетінің бірінші (Финляндия) және үшінші (Гана) сессияларының төрағалары да қатысты. Үш мемлекеттің өкілдері 2026 жылы жоспарланған ЯҚТШ Шолу конференциясының перспективалары туралы пікір алмасты.
Қазақстан өкілі өз сөзінде ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы ЯҚТШ-ның негізгі рөлін атап өтті. Күрделі халықаралық жағдайға қарамастан, Шартқа мүше мемлекеттер ЯҚТШ-ның үш негізгі бағыты – қарусыздану, ядролық энергияны таратпау және бейбіт мақсатта пайдалану бойынша нақты жұмысқа ниеттеніп отыр. Қазақстан өзінің халықаралық беделін ескере отырып, Шарттың шолу циклін сәтті аяқтау және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін бар күшін салуға дайын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/961906?lang=kk