ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы

ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысын және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлері кездесуін ақпараттық сүйемелдеу үшін журналистерді аккредиттеу туралы

05.04.2025 23:01:34 374

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

 

2025 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы және «Орталық Азия – Ресей» форматындағы VIII сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.

ТМД СІМК барысында Достастық аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелердің кең ауқымы талқыланады. Саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзара іс-қимылдың өзге де салаларында күш-жігерді үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылады.

«Орталық Азия – Ресей» форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі аясында сауда-экономикалық және инвестициялық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өңір елдерінің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланады.

2025 жылғы 11 сәуірде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз орталығы Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 506/99 мекенжайы бойынша орналасқан «Rixos Almaty» қонақ үйінде жұмыс істейді.

Аккредиттеуден өту үшін тіркелу формасын 2025 жылғы 7 сәуір күні сағат 12:00-ге дейін толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ Баспасөз қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:

- Ерлан Өтегенов, ұялы тел.: +7 (777) 0418865.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/967782?lang=kk