Yandex Qazaqstan акселерациясының басты тақырыбы кино және телехикаялар өндірісі болмақ

Yandex Qazaqstan акселерациясының басты тақырыбы кино және телехикаялар өндірісі болмақ

10.04.2025 16:48:42 330

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2025 жылғы 11-14 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center креативтік орталығында алғаш рет «Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы» өтеді.
Іс-шара аясында киноиндустрия мамандарына арналған шеберлік сабақтар топтамасы ұйымдастырылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы креативті хаб резиндеттері үшін онлайн көрсетілім жоспарланған.
Қатысу үшін +7 707 384 90 95 (Нұргүл), +7 707 241 7720 (Анжелика) WhatsApp нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/951127