ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫНДАҒЫ АУЫР САЛМАҚТЫ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ МАУСЫМ АЙЫНДА 50 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ
10.04.2025 16:49:37 176ҚР ИИДМ Көлік комитеті арқылы 2019 жылғы 21 мамырдан 31 тамызға дейін «Назар аударыңыздар, ауыр салмақты көлік!» акциясы өткізілуде. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтілетін болады.
Көліктік бақылау органдары арқылы акция аясында 2019 жылғы
21 мамыр мен 30 маусым аралығында 19 605 автокөлік құралы тексеріліп, Қазақстан Республикасының Көліктік заңнамаларын бұзғандығы үшін 390 құқық бұзушылық (оның ішінде ҚР ӘҚБ К 348 бабы 6 тармағы және 571 бабы 42 тармағымен – 8 бөлігімен) анықталды. Оның ішінде 344 бұзушылық Қазақстандық және 46 шетелдік тасымалдаушыларға қатысты.
54,7 миллионнан астам теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынып, жүргені үшін алым сомасы 24,6 миллионнан астам теңгені құрады.
Акцияның мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына сәйкес ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу мен ескеруді, сондай-ақ ауыр салмақты көлік құралдарымен жолдарға залал келтіруден сақтау болып табылатындығын атап кету қажет.
Сонымен қатар автомобиль жолдарының сақталуына бақылауды күшейту мақсатында Көлік комитетімен 2019 жылғы 27 сәуірден бастап жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында инертті жүк тасымалдайтын өзі аударғыш ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өту фактілері бойынша ахуалдық орталықтың +77080880800 нөмірлі «Whats app» мессенджеріне халықтың белсенді бөлігі тарапынан бейне өтініштер қабылдау акциясы басталды. Келіп түскен барлық бейне өтініштер бойынша Комитеттің аймақтық органдарымен әкімшілік сипаттағы шара қолданылуда.
Акция басталғаннан бері «Whats app» мессенджерге 1 366 автокөлік құралдары тасымалдаушыларына қатысты бейне, фото өтініштер келіп түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10478?lang=kk