«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ – ОТАНДЫҚ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАРЫҚТАҒЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУДА» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

10.04.2025 16:49:59 176

ҚР ИДМ Көлік комитеті 2017 жылғы 11 қазаннан 31 желтоқсанға дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғанын жариялайды.

Аталған акцияның негізгі мақсаты - шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім мен ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарының жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.

Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота береді. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.

Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға бағытталған. Бекітілген үлестер көлемінен тыс жүк тасымалдаумен айналысатын шетелдік компаниялар отандық тасымалдаушылар тапсырыстарын ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10732?lang=kk