КӨЛІК КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10.04.2025 16:50:02 176«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы аясында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың төрағалығымен бейнеконференц байланыс режимінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің мобильді тобы мен көліктік бақылаудың аумақтық орган өкілдері қатысты.
Кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Тілеген Қаскин, Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы Төлеген Байғулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы департаментінің аға офицері Абзал Божбанов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекет жүргізіп жатқан саясат туралы ақпараттандырды.
ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы көліктік бақылау органдарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесудің және жоюдың маңыздылығын атап өтіп, аумақтық органдарға қоғамдық бақылау механизмін қолдану арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/10775?lang=kk