18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды

18 маусым. Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия Кубогі басталды

10.04.2025 16:50:08 198

Бүгін Алматыда блиц- шахматтан ҚР-ның Тұңғыш Президенті атындағы Евразия кубогі үшін әлемнің 30 елінің үздік 100 гроссмейстер лері өзара сайысқа түседі. Сонымен, мегаполиске Германия, Болгария, Украина мен Франция, Индия, Люксембург, Испания және басқа да елдердің өкілдері келді.

Алқалы жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, ФИДЕ-нің Халықаралық шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов, шахмат шылар мен қоғам өкілдері болды.

Өзінің сөзінде Б.Байбек тұлға ретінде қалыптасуда шахматтың ролі зор екендігін айтты.

«Шахмат – адамның мүмкіндіктерін ашатын маңызды ойын. Шахматпен айналысатын бала оқуда үздік, еңбекқор, жігерлі, ойлы, болашағы зор. Шын мәнісінде, шахмат тақтасы - көптеген мәселелерді ойланып шешудің таптырмас жолы. Шахматтан әлем чемпионының бірі формасы жағынан шахмат – ойын, мазмұны жағынан-өнер, күрделілігі жағынан –ғылым деген еді. Мен осынау қағиданы толық қолдаймын», - деді әкім.

Халықаралық гроссмейстер Анатолий Карпов Алматыда, жалпы қазақ жерінде шахматтың кең қанат жайғандығын айтты.

«Қазақстан Президентінің Кубогі үшін танымал шахматшылардың Алматыға келуінің өзі үлкен оқиға. Алматының шахматтық дәстүрі өте жоғары. Біз мұнда шахматты барлық бағыттар бойынша дамытудамыз, осы жақында білім орталығын аштық. Алматы расында да спорт орталығы, әлемге танымал «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының өздері неге тұрады!. Алматыға келіп, жаңа рекордтарға жетіңіздер», - деді А.Карпов.

Жарыс The Ritz-Carlton отелінде, маусымның 18—19 күндері өтеді. Қазақстанға Қытайдан әйелдер арасындағы әлем чемпионы Хоу Ифань алғаш рет келді. Алматыға Европа чемпионы Ян Непомнящий, блицтан үш дүркін әлем чемпионы Александр Грищук, әлем Кубогінің иегері Петр Свидлер, әлем чемпионы Пономарев Руслан (Украина), Касымджанов Рустам (Өзбекстан), Ван Хао (Қытай), Ле Куанг Льем ( Вьетнам), Борис Гельфанд (Израиль), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан) ат басын тіреді.

Жарысқа Австралия, Армения, Қазақстаннан құралған халықаралық арбиторлар бригадасы — Ашот Вардапетян, Флюра Хасанова, Джими Кенмур төрелік жасайды. Кубокты ұйымдастырушылар — Қазақстанның шахмат федерациясы мен академик Шахмардан Есеновтың ғылым мен білім қоры.

Шахмат бәсекесіне ардагерлермен бірге еліміз бен Азия чемпиондары болып үлгерген Әсел Серікбай, Назерке Нұрғали, Әсел Лесбекова, Казбек Нөгербек, Рамазан Жалмаханов сынды жас шахматшылар да қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/10804?lang=kk