ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯСЫ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНЫҢ
10.04.2025 16:50:42 1982017 жылғы 24-25 тамыз аралығында Астана қаласында 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісімнің шеңберінде (бұдан әрі – Келісім) Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-өзбек бірлескен комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.
Келіссөздер барысында 1200 үшінші елдерге/елдерден рұқсат бланкілері көлемінде 2018 жылға алдын ала квота орнатылды. Сонымен қатар Тараптар 2017 жылға қосымша үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілерімен алмасу мәселесін ү.ж. III тоқсанының қорытындысы бойынша қарастыруға келісті.
Сонымен қатар Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында тұрақты автобус маршруттарын ашу мәселесін қарастырды және бастапқы кезеңде «Шымкент-Ташкент» бағыты бойынша тұрақты автобус маршрутын ашу мәселесін пысықтауға келісті.
Сонымен бірге қазіргі уақытта Қазақстан тарапы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізуде, өзбек тарапы аталған Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы хабарлады.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
Анықтама:
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Өзбекстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 11%-ға өсті және 169,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер текстиль, кілем, маталар, көкөніс, жеміс-жидектер, пластмасса өнімдері, механизмдер мен жабдықтар және т.б.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11104?lang=kk