АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
10.04.2025 16:50:47 16482018 жылдың 1-тамызында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Диагностик стандарт Экспертиза» ЖШС-нің кәсіпорын басшысымен кездесу өтті.
Кездесу барысында техникалық реттеу және метрология саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын құрамында аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасы бар барлық стандарттардың нормаларын сақтай отырып горизонтальді және вертикальді резервуарды тазалаумен, мұнай қалдықтарын жоюмен, резервуарлардың төлқұжатын берумен айналысады.
Сонымен қоса, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, атап айтқанда өлшем құралдарын тексеруден калибрлеуге өткізу, мемлекеттік реттеуге жататын өлшем құралдарының Тізбесін талқылады.
Кездесудің нәтижесі бойынша департамент басшысы Сауықбек Қапаев «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы заңынын және ӨҚ тексеру кезіндегі негізгі стандарттардың талаптарын айтып өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11254?lang=kk