2017 ЖЫЛДЫҢ 7 АЙЫНДА ЖАЛПЫ АЛАҢЫ 6,2 МЛН. ШАРШЫ МЕТР БОЛАТЫН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
10.04.2025 16:50:56 242Бүгін Үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдың, ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың және «Қазақстанның Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асу барысы туралы брифинг өтті.
Биыл 7 айда барлық қаржыландыру көздерінен жалпы алаңы 6,2 млн. шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді (54 мың баспана). Яғни, «Нұрлы жер» бағдарламасы жылдық жоспарының 61%-н құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көрсеткішті жоғарылатты. Вице-министр Роман Склярдың айтуынша, «2017 жылдың 7 айында барлық қаржыландыру көздерінен тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд. теңге бағытталды. Оның 75,8 млрд. теңгесі мемлекеттік инвестиция. Мемлекет қажысы есебіне 8829 пәтер (541,3 мың.кв.м) салынды. Жыл соңына дейін қосымша 16176 пәтерді (948,2 мың кв. м) тапсыру жоспарланып отыр».
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдік 25 млрд. теңге бөліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына арналған 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталды, олардың жартысы жыл аяғына дейін іске қосылатын болады.
«Екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының екінші міндеті аясында жоспарланған 60 мың жер телімінің 23,5 мыңы қазірдің өзінде инженерлік желілермен қамтамасыз етіліген. 4 облыс орталығында жекеменшік үйлердің құрылысы қанатқақты жобалары бірыңғай сәулет стилінде іске асырыла бастады»,-деді Роман Скляр.
Кредиттік тұрғын үй құрылысының үшінші міндеті бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары мен әкімдікте кезекте тұрғандар үшін бүгінгі күні жоспарланған 15 мың пәтердің 6140 кредиттік пәтері салынды. Жеке құрылыс салушыларды қолдау бағдарламасының аясында құрылыс компаниялары 50 млрд. теңге субсидияланған займ алу үшін 24 жобамен банктың қарауына өтінім жасады. Олардың қазіргі уақытта 7,4 млрд. теңгеге 2 жобасы мақұлданды.
«Республиканың 11 өңірінде халықтың ипотекалық займдары бойынша нарықтық ставкаларды төмендету үшін халықты 10 пайыздық жеңілдетілген ставкамен несиелеу басталды. Бүгінгі таңда 10 банк Бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 3 банк (БанкЦентрКредит,АТФБанк, Сбербанк) ипотеканы белсенді түрде іске асыруда. Осы күні олар азаматтардан ипотека алу үшін 145 өтініш қабылдады(1,5 млрд. теңге)»,-деп атап өтті вице-министр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11310?lang=kk