СТАНДАРТТАУ ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ
10.04.2025 16:52:00 16302016 жылдың 29 наурызында, «Эатлон орталығы» ғимаратында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтымен, Қазақстан метрология институтымен бірлесе отырып, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы, Ұлттық аккредиттеу орталығы, «Астана жаңа қала» арнайы экономикалық аймақ қатысушылары, Астана қаласының аккредиттеу субъектілері өкілдерінің қатысуымен, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң жобаларын талқылау жөніндегі Астана қаласының кезекті Өңірлік штаб отырысын өткізді.
Өңірлік штаб отырысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төраға орынбасары Дұғалов Ғалымжан Тілектесұлының төрағалығымен өтті.
Аталмыш іс-шараны өткізу мақсаты, бизнес өкілдеріне стандарттау саласындағы Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасы талаптарын, өзгерістер енгізілетін «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заң талаптарын жеткізу болды.
Күн тәртібінде Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының бас директорымен, стандарттау саласындағы жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін «Стандарттау туралы» заң жобасының мақсаты түсіндірілді. Бұдан әрі, Қазақстан метрология институтының бас директорының орынбасары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтыруларды, және де ол бекітілгеннен кейін қандай мақсаттарға жететінімізді атап айтты.
Отырыс соңында қызу пікір алмасулар болып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, қатысушыларға келешекте туындаған мәселелер бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне, Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтына немесе Қазақстан метрология институтына хабарласуға ұсыныс берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11411?lang=kk