АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АВТОЖОЛ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРЫН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

10.04.2025 16:52:01 165

Бүгін Құрылысшылар күні қарсаңында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаев барлық автожол саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Ол өз сөзінде барлық автожол саласы қызметкерлерінің еңбегімен жеткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы автожол саласының даму жетістіктеріне тоқталды.

Айталық, Тәуелсіздік жылдарында республикалық маңыздағы 10 мың шақырым автожол реконструкцияланған. Алғашқы Астана-Щучинск (221 км) автобаны салынды. Астана-Қостанай-Челябинск, Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы, Көкшетау – Петропавл, Павлодар – Омбы және Атырау-Бейнеу автомобиль жолдары реконструкцияланды.

2009-2016 жылдар кезеңінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» (2 452 км) халықаралық транзиттік дәлізі мега-жобасы сылынды.

2013 жылдан бері Астананы еліміздің барлық өңірімен байланыстыратын Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.

Мінсіз жұмысымен Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлесі үшін және Құрылысшылар күні мерекесіне байланысты «Еңбек ардагері» медалімен «Госэкспертиза» РМК сектор басшысы Александр Соколов, «Госэкспертиза» РМК сектор сарапшысы Наталия Заиченко марапатталды.

Сонымен қатар, «Госэкспертиза» РМК бөлім бастығы Елена Рихтер, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Қасымқұмар Ибраимов, «Госэкспертиза» РМК сарапшысы Галина Шарапова, «Ирмаст-А» ЖШС директоры Айдар Жүнісов, «Жан-Бота Транс Сервис» ЖШС директоры Жаныспай Сәрсенов «Құрметті жолшы» төс белгісімен марапатталды.

Ал, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ департаментінің директоры  Дмитрий Бессоновке Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің Құрмет грамотасы берілді. «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Әдемі Қонаева, «Астанақалалықжолзертханасы» РММ инженері Қанат Қалменов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бас маманы Мұрат Мықтыбаев төрағаның Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/11414?lang=kk