ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНДА «КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ.

10.04.2025 16:52:07 1487

Петропавл каласында 2016 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК Солтүстік Қазақстан филиалы және «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ бірлесіп «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбында өңірлік семинарды ұйымдастырып өткізіді.

Семинардың мақсаты: 2015 – 2019 жж. Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру щеңберінде менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуге насихаттау жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда ISO 14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдануға арналған талаптары мен басшылығы» және ISO 22004-2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» стандарттарының негізгі ережелерімен таныстыру.

Семинарды Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Чепухин В.И. ашты.   Семинардың бірінші бөлігі қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға тырысатын, немесе ISO 14001 стандарттын енгізуге шешім кабылдаған, қайта сертификаттауға өтуге дайындық үстіндегі, немесе басқа басқару жүйелеріне экологиялық менеджмент жүйесін біріктіру қажеттілігі туындаған кәсіпорындар үшін пайдалы болды.

Дәріскер, СМЖ эксперт-аудиторы Исина Р.А. экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігінің, кәсіпорынның экологиялық ортаға ықтимал әсер факторларын (экологиялық аспектілері) анықтау, талдау және бағалау туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Семинардың екінші бөлігінде дәріскер HACCP – ISO 22004:2014 «Азық-түлік қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдануға арналған басшылығы» халықаралық стандарттын негізгі ережелерін ашып айтты.

Cолтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары үшін семинардың өтуі, жоғары білікті сарапшы-аудиторлардан ақпаратты қабылдау, отандық кәсіпорындарға менеджмент жүйелерін енгізу бойынша отандық және шетелдік нарықтарға әкімшілік кедергілерді азайтуга, отандық өндірушілерінің бәсекелестігінің жоғарылатуына, сондай-ақ қолданыстағы менеджмент жүйелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған іс-шараға облысымыздың       70 кәсіпорын түрлерінің өкілдері қатысты,   сонымен қатар «СҚО Кәсіпкерлікті қолдау Картасына кіретін» Кахалонг ЖШС,   «Bartec Kazakhstan» ЖШС,   «РимКазАгро» ЖШС және тағы басқа кәсіпорындар қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушыларға қолдарына сертификаттар тапсырылды.

   seminar

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11550?lang=kk