ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АУКЦИОН ӨТТІ

ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНДЕ АУКЦИОН ӨТТІ

10.04.2025 16:52:17 1581

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде Шығыс Қазақстан облысында орналасқан М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59) блоктары бойынша көмір және ураннан басқа қатты пайдалы қазбаны барлауға арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға қатысты конкурс өтті.

Көрсетілген жер қойнауы учаскесін құзіретті орган айқындап, барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алу, яғни, «Бірінші келген-бірінші алады» қағидасы бойынша аз зерттелген және жер қойнауы учаскелері тізбесіне қосылған. Аталған жер қойнауын пайдалану құқығын алу қағидасын Министрлік 2015 жылы аз зерттелген жер қойнауы учаскелеріне австралиялық модель негіздемесі арқылы енгізді.     

Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, егер құзыретті органның ресми интернет-ресурсында берілген өтінім туралы мәліметтер орналастырылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сұралып отырған учаскеге біреуден артық өтінім қосымша берілген жағдайда, онда мұндай учаске бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы осы Заңда аукцион үшін көзделген тәртіппен беріледі.

Осыған сәйкес аталған блокка біреуден артық өтініш келіп түсті, сондықтан көрсетілген жер қойнауы учаскесі оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алу тізбесінен алынып, аукцион жарияланды.

Жер қойнауын пайдалану құқығын аукцион тәртібінде беру кезінде жеңімпазды анықтаудың негізгі және жалпы критериі ретінде қол қойылған бонустың неғұрлым үлкен көлемі болып табылады. Өзгеде критерийлер бәсекелестік сауда саттық жүргізу үшін хабарламада бекітілген. Ол барлық қатысушыларға бірдей. Көрсетілгендер мемлекетке инвестиция тартуға, аукционға қатысушылардан қол қойылған бонусқа қатысты қаражат алуға және соманы жоғарылатуға және де жеңімпазды таңдау кезінде максималды түрде ашықтықты қамтамасыз етеді.

Аукцион нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында орналасқан М-45-97-Б (42,43,56,57,58,59) блоктары бойынша «KGOLD» ЖШС компаниясы жеңімпаз атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/20300?lang=kk