«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ЖӘНЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ», «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП КОДЕКСІ ЖӘНЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ», «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

10.04.2025 16:52:28 1602

2016 жылдың 12-ші сәуір айында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде басшы орынбасары Әкімов Әбсамат Әбжапарұлының төрағалығымен «ҚазСтИн» РММ Алматы облысы бойынша филиалының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментінің маманы Демесинова Мерейдің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты ұжымда, сыбайлас жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою үшін, сонымен қатар қоғамдағы ғана емес, сыбайлас жемқорлық үшін сарапшылар білім деңгейін, жаңа заңнама талаптарына, практикада қолдану, төзбеу ахуалы қалыптастыру мүмкіндігін арттыру болып табылады.

2016 жылдың 1-қаңтарында күшіне енгізілген «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын осы дөңгелек үстелдің шеңберінде қарастырды. Іскерлік сапасын және моральдік-адамгершілік бейнесін арттыру талаптары мақсатында ТРМК-ның Алматы облысы бойынша департаменті қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этика ережесімен жазбаша түрде таныстырылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ережесін қарастырып, мемлекеттік қызметке орналасу, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауызымының ерекшеліктерін, мемлекеттік қызмет өткеру, қызметтік тәртіп және этика, әлеуметтік кепілдіктер, мемлекеттік қызметті тоқтатуы және өзге де мәселелер туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/11996?lang=kk