ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН АРАСЫНДА АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІМЕН ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ КӨЛЕМІ АРТТЫ
10.04.2025 16:53:16 187Бішкек қаласында 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім аясында Автомобиль тасымалдары көлігі жөнінде Қазақстан-Қырғыз аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және халықаралық автомобиль тасымалдарының динамикалық дамуын атап өтті.
2016 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 66%-ға артты және 1 307,5 мың тоннаны құрады. Автомобиль көлігімен тасымалданатын негізгі жүктер құрылыс тауарлары, өсімдіктен шығатын азық-түлік, дайын тамақ өнімдері және т.б.
Келіссөздер барысында 500 үшінші елдерге/елдерден және 30 тұрақсыз жолаушылар тасымалдарына рұқсат бланкілері көлемінде 2017 және 2018 жылға квота белгіленді.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12712?lang=kk