Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

Ж.ҚАСЫМБЕК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ

10.04.2025 16:53:20 165

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрліктің басшылық құрамының қатысуымен ведомства жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысын күшейту бойынша мәжіліс өткізді.

Ол ҚР ИДМ комитет төрағаларына ведомствалық ұйымдардың қызметіне, оның ішінде қаржылық қызметіне қатысты бақылауды қатаңдатуды тапсырды.

Оған қоса, министрлік жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет кеңесінің ведомствалық ұйымдардың қызметкерлері арасындағы жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар кешенін дайындауға қатысты жұмысын жандандыру туралы тапсырма берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/12788?lang=kk