ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындады

10.04.2025 16:53:24 319

Бұл туралы, бүгін, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-министр кеңсесі, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, Парламент депутаттары және облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Министр, жыл басынан бері, Қазақстанда шетелдіктерді жұмысқа тартудың жаңа әдісі жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Ендігі уақытта, әр шақырылған маман үшін, жұмыс беруші мөлшері салалар мен жұмысшының біліктілік деңгейіне қарай есептелетін салық төлейтін болады. Бүгінде, шетелдік білікті кадрлар, Қазақстанда өздігімен келе алады және оларға экономиканың басым бағыттарында сұранысқа ие кәсіптер тізіміндегі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуға жол ашық. 

«Жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілер тарапы, шетелдік мамандарға рұқсат берумен қатар, оларға жұмыс орнын ұсынуда және еңбекақысын тағайындау кезінде заңның бұлжытылмай сақталуын қамтамасыз етуі міндетті.

Бізге, бәрінен бұрын білікті кадрлар тартуға бейімделген, салмақты көші-қон саясаты қажет. Қазіргі уақытта, көші-қон үдерістерімен байланысты қауіп-қатерлер кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді; азаматтар мен мигранттарды ел аумағында оңтайлы орналастыруды; экономиканың қажетті жұмыс күшіне сұранысын қамтамасыз етуді қарастыратын Көші-қон саясаты тұжырымдамасы жобасын дайындадық», - деп қосты ҚР ЕХӘҚМ басшысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/12811?lang=kk