Ж.ҚАСЫМБЕК ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КЭМОНТ» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ж.ҚАСЫМБЕК ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ «КЭМОНТ» АҚ-НЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

10.04.2025 16:54:04 231

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында электр техникалық құрылғылар шығаратын кәсіпорын «КЭМОНТ» АҚ-ның жұмысымен танысты.

Өндірістік цех жұмысшыларымен кездесуде  кәсіпорынның Бас директоры Елена Беленцева министрге заманауи технологиялық жабдықтарды көрсетті. «КЭМОНТ» АҚ басшысының айтуынша, Eplan негізінде бағдарламалық шешімдері АЭС, ЖЭС, СЭС, ШС және басқа да энергетикалық нысандарды жобалау кезінде қолданылатын АЖЖ-ы (Автоматтандырылған жобалау жүйесі) енгізуді жүзеге асырды.

Кәсіпорында 600-ден астам адам жұмыс істейді және орташа жалақы 214 мың теңгені құрайды. 2016 жылы бюджетке шамамен 450 млн. теңге пайда әкелді. Зауытта тау-кен-шахтасы жабдықтарын, электр энергиясымен қамтамасыз етуге және электрмен жабдықтауды іркілістерден қорғауға арналған микропроцессорлы басқарылатын жедел тоқ беретін шкафтар шығару жолға қойылған. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының отандық тауар өндірушілер тізіміне енгізілген. Өнімнің негізгі түрлеріне СТ КZ формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаты берілген.

Ақшаға шаққанда өндірілген өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 2016 жылы екі есеге өсіп, 10 026 млн. теңгені құрады. Өткен жылы экспортқа шыққан өнім көлемі 241,1 млн. теңге болды (2015 жылы 33,35 млн. теңге).

ҚР Инвестициялар және даму министрінің ШҚО тұрғындарымен кездесуі Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру жұмыстары аясында өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/13661?lang=kk