Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылғалы 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
10.04.2025 16:57:46 3962018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылады. Жүйе барлық 199 жұмыспен қамту орталығын қамтиды. Жұмыспен қамту қызметін жандандыру үшін 10-ға жуық интернет-алаңдар ашылып, жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерінің саны екі есеге өспек.
Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту аясында осы және басқа да ерекше жобаларды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында баяндады.
Бұған дейін еңбек нарығының инфрақұрылымы жолға қойылмағандықтан жұмыс берушілер де, жұмыс іздеушілер де уақытты бос өткізіп, қаржылық шығындар көрді. Өтініш иелері мен жұмыс берушілер арасында нәтижесіз кездесулер болса, кәсіпорындар жұмыс іздеушілермен тиімсіз өзара әңгімелесулер жүргізді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қазан айынан бастап еліміздің төрт өңірінде - Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қаласында пилотты бірыңғай электронды еңбек биржасы іске қосылды.
«Тәжірибеде көрсеткендей, цифрлық платформадағы еңбек нарығына сұраныс пен сұранысты біріктіру жүйесінің өз әсері бар. Бүгінгі күні жобада жұмыс берушілерден бөлек, 4 пилотты жұмыспен қамту орталығы, 2 онлайн-алаң және 19 жеке агенттік жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні 8 мыңнан астам түйіндеме, 30 мыңға жуық бос жұмыс орны және 15 мыңнан астам жұмысқа орналасу фактісі тіркелді,» - деп сөзін түйіндеді министр.
Жобаны іске асыруда жұмысқа мұқтаж азаматтардың жалпы санын 10% -дан 20% -ға дейін қамту жоспарлануда. Электронды алмасу арқылы жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің арасындағы өзара қатынас шығындары 1 млрд. теңгеге үнемделеді.
Тағы бір айта кетерлігі, Министрлікте құрылған Әлеуметтік –еңбек саласының Біріңғай ақпарат жүйесі қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша бірнеше жобаларды қамтиды. Олар – еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, зәйнеткерлік және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қолдау көрсету, арнайы әлеуметтік қызмет және көш-қон бағыттары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/16013?lang=kk