Еңбек министрлігі жаңа электрондық қызметті іске қосты
11.04.2025 10:22:57 506Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.
Бұл құжатта төлеушінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ мен « «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» » АҚ-нан әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударудың толықтығы мен уақтылы болуы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпараттары көрсетілген.
Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/20543?lang=kk