"КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН" ЕНГІЗУ

"КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН" ЕНГІЗУ

11.04.2025 14:09:14 1735

Бүгін Эталон орталығы ғимаратында «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Тындаушылар назарына ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».

Сыбайлас жемқорлық жалпы экономикалық және саяси даму үшін айтарлықтай проблема болып табылады. Ол кедейлік деңгейінің жоғарылауына және өнім мен қызметтер сапасының төмендеуіне септігін тигізіп, әлемдік және ұлттық экономикаларын бұзуды жалғастырып келеді.

Жаңа ISO 37001 стандартында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік халықаралық тәжірибесі біріктірілді. Кез-келген елде жұмыс жасап отырған компаниялар парақорлықтың алдын алу және оны анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірдей рационалды әрі адекватты шараларды қолданып, жұмысқа енгізе алады.

Семинарды аша отырып, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төраға міндетін атқарушы Ғ.Т. Дугалов қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін өткізілетін іс-шараның маңыздылығын атап өтті, ұсынылып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу құралдың өзектілігін баса айтты.

Тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент үш арқауы: анықтау (сыбайлас жемқорлық тәукелдерін сәйкестендiруге икемi болу); алдын алу (сыбайлас жемқорлық тәукелдерін бақылау); әрекет ету (белгілі жағдайларда дұрыс бейнемен икемдiлiк әрекет жасау) бар екенін ескере отырып, тындаушыларға сондай-ақ келесі стандарттар жөнінде ақпарат ұсынылды:

ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»;

ISO/TR 31004 «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»).

Дәріс оқушы ретінде сәйкестікті растау органның басшысы, Еуропалық сапа жөніндегі ұйымының (EOQ) менеджмент жүйелері аудиторы сөз сөйледі.

Семинар ұйымдастырушысы – «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.

Семинарда менеджмент жүйелерін енгізген және енгізуді жоспарлап отырған кәсіпорындар өкілдері қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21421?lang=kk