Қостанай облысының әкімі АШИ ауданындағы жаңа саябақ құрылысының басталуын тексеріп, аумақты дамыту жоспарларымен бөлісті
11.04.2025 21:14:11 517
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов АШИ ауданындағы бұрынғы бос аумақта салынып жатқан заманауи мәдени-спорттық саябақ құрылысымен танысты. Өңір басшысы дайындық жұмыстарының барысын бақылап, жобаның қала тұрғындарының өмір сапасын арттырудағы маңызын атап өтті.
— Қаланың дамуы дегеніміз – ең алдымен адамдарға қамқорлық. Әр бос жатқан аумақ демалыс пен шабыт сыйлайтын кеңістікке айналуы тиіс, – деді Құмар Ақсақалов.
Жаңа саябақ аудан тұрғындары мен бүкіл қала халқы үшін тартымды орынға айналмақ. Жоба аясында амфитеатр, балалар мен спорт алаңдары, скейт-парк, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тораптар қарастырылған. Құрылыс 2025 жылғы 4 қарашада аяқталады деп жоспарлануда.
Саябақ жобасы – өмір сүруге және дамуға құлшыныс тудыратын заманауи, жайлы әрі шабыт беретін қаланы қалыптастыру жолындағы қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/972901?lang=kk