Конституциялық Сот: азамат сот арқылы қорғалу құқығын тиісті түрде пайдаланбады

Конституциялық Сот: азамат сот арқылы қорғалу құқығын тиісті түрде пайдаланбады

12.04.2025 02:47:20 660

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотқа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 102-бабы екінші бөлігінің және 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті. Көрсетілген нормалар әкімшілік істердің соттылығын айқындайды және соттың талап арызды қайтару негіздерін көздейді.

Бірінші сатыдағы сот өтініш берушінің мемлекеттік мекемеге қатысты талабын қайтарды. Апелляциялық және кассациялық органдар бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Өтініш беруші талап қоюды аталған нормалар негізінде қайтару оны сот арқылы қорғалу құқығынан айырды деп санайды, өйткені соттар өздерінің сот актілерінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қай сотқа жүгіну керектігін көрсетпеді.

Конституциялық Сот өтініш берушінің талабы Кодекстің 133 және 134-баптарына сәйкес мәжбүрлеу немесе әрекет жасау туралы талаппен соттарға жүгіну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігіне назар аударды.

Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтініш беруші келтірген дәлелдерді дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жеткіліксіз деп таныды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/974193?lang=kk