Сыртқы істер министрлігінде алдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мерейтойлық конференциясы туралы брифингі өтті

Сыртқы істер министрлігінде алдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мерейтойлық конференциясы туралы брифингі өтті

12.04.2025 07:44:47 418

2018 жылғы 4 шілдеде Сыртқы істер министрлігінде 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Алматы декларациясын» қабылдануының 40 жылдығына арналған Бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Жаһандық халықаралық конференция өткізу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер және денсаулық сақтау министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Елжан Біртановтың Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпусына арналған бірлескен брифингі өтті.

Алдағы мерейтойлық Конференцияның біздің еліміз үшін тарихи маңызы бар, өйткені осыдан 40 жыл бұрын 1978 жылғы қыркүйекте Алматыда 157 мемлекеттен келген өкілдердің қатысуымен ДДҰ-ның бастапқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі халықаралық конференциясы өткен болатын. Конференцияда әлемдік денсаулық сақтаудың дамуына айтарлықтай оң әсер еткен және заманымыздың әйгілі халықаралық құжаттарының бірі болып табылатын тарихи «Алматы декларациясы» қабылданды.

Жаһандық Конференцияның қорытындылары бойынша ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің саяси декларация нысанындағы қорытынды құжатты қабылдауы жоспарланып отыр. Ол құжат елдердің сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетуге ықпал ететін заманауи жетістіктер мен технологияларды пайдалану арқылы «Алматы декларациясының» міндеттемелерін орындауға деген бейілділігін тағы да растайды.

Кейіннен бұл Декларация Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы және БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстарында талқыланатын болады.

Алда тұрған халықаралық маңызы бар ірі іс-шара Қазақстанның және ДДҰ-ның басқа да мүшелерінің 2015 жылы мақұлданған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын практикада іске асыруға бейілділігін растауға арналады.

Брифингке Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұрақты өкілі О.Честнов пен БҰҰ Балалар қорының өкілі Ю.Оксамитный қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25420?lang=kk