Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу жөнінде Арнайы жұмыс тобының 51-ші отырысының коммюникесі

Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу жөнінде Арнайы жұмыс тобының 51-ші отырысының коммюникесі

12.04.2025 10:42:49 308

2018 жылғы 21-24 мамыр аралығында Астанада Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу жөнінде Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) 51-ші отырысы өтті.

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасының (басшысы – Х.Халафов), Иран Ислам Республикасының (басшысы – И.Рахимпур), Қазақстан Республикасының (басшысы – З.А.Аманжолова), Ресей Федерациясының (басшысы – И.Б.Братчиков) және Түрікменстанның (басшысы – М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасында өткізілуі жоспарланған Бесінші Каспий саммитіне дайындығына арналған отырысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Қ.Әбдірахманов өз сөзімен ашты.

АЖТ отырысында тараптар жоғары деңгейіндегі алдағы кездесудің күн тәртібі мен қорытынды саяси құжаттың жобасын келісті, сондай-ақ, Бесінші Каспий саммитінің шеңберінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясымен қатар бесжақты салалық құжаттарды келісу және оларға қол қоюға дайындық бойынша жұмыс барысын талқылады.

Бесжақты құжаттардың келесі жобаларын келісу жөнінде келіссөздер процесінің аяқталуы қанағаттанғандықпен белгіленді: Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласындағы келісім, Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім, Каспий теңізіндегі терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама, Каспий теңізіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы хаттама, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекара ведомстволарының ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы хаттама.

Тараптар ү.ж. шілде айында Мәскеуде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөнінде Негіздемелік конвенциясының Тараптар Конференциясының кезектен тыссессиясын өткізу және оның шеңберінде аталған Конвенцияға трансшекаралық контекстіндегі қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі хаттаманы қабылдау және оған қол қою жоспарланған ұсынысын құптады.

Делегациялар болып өткен келіссөздердің қорытындыларын оң бағалады және кездесу ұйымдастыруын жоғары деңгейі үшін Қазақстан Республикасына өз алғысын білдірді.

Арнайы жұмыс тобының келесі отырысы Қазақстан Республикасында өтеді. Оның өткізілуі мерзімдері дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26090?lang=kk