Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Польша сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға, азаматтар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ниетті

12.04.2025 12:48:40 297

АЛМАТЫ, 2018 жыл 27 сәуір – Қазақстан мен Польша өзара тиімді сауда-экономикалық, мәдени-ағартушылық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі елдің азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ниетті. Бұл туралы 2018 жылы 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Польша мемлекеттілігінің қалпына келуінің 100 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Алматыға келген Польша Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Анджей Папежамен кездесуінде талқылады.

Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстардың кең ауқымды мәселелерін талқылады және екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне ризашылығын білдірді. Қазақ-поляк қарым-қатынастарын дамытуға қуатты серпінді жоғары деңгейдегі тұрақты сапарлар бергені атап өтілді. Сондықтан, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы қыркүйекте Польшаға жасаған мемлекеттік сапары, сондай-ақ Польша Президенті Анджей Дуданың 2016 жылы тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары ынтымақтастықты нығайту үшін берік негіз қалай отырып, қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға елеулі серпін берді.

Қазақстан тарапы Президентінің төрағалығымен 2018 жылы 18 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде өткен «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенімділік шаралары» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі пікірталасқа Польша Президентінің қатысуына ерекше ризашылығын білдірді. Биылғы мамыр айында осы маңызды органда төрағалық ететін Польшаға сәттілік тілеп, Р.Василенко өз әріптесіне алдағы төрағалық аясындағы маңызды іс-шараларға қазақстандық тарапының қатысуын Қазақстан қамтамасыз етуге дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар, кездесу барысында бүгінгі күнге әртүрлі деңгейлерде тұрақты байланыстар орнатылғанын атап өтілді. Атап айтқанда, Польшаның Премьер-Министрі Матеуш Маровецкийдің Астанаға осы жылы жасайтын сапары және оның Бүкіләлемдік тау конгресіне қатысуы атап өтілді. Сондай-ақ, тараптар 2018 жылғы 20 маусымда Астанада өтетін экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысын талқылады. Алдағы кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері, ғылым мен техника, аграрлық сектор және туризмді дамыту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Жалпы алғанда, Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 100-ден астам поляк компаниялары жұмыс істейді, олардың ең ірісі POLPHARMA, оның басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі болып табылады, сондай-ақ еліміздің экономикасына белсенді инвестиция салатын SELENA компаниясы. Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 2017 жылы 900 миллион доллардан асып, 2016 жылға қарағанда 19 пайызға артты.

Келіссөздердегі маңызды мәселе екі мемлекеттің азаматтары үшін визалық режимді жеңілдетуді талқылау болды. Р.Василенко поляк тарапына Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында көзделген Қазақстанның азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету бойынша келіссөздерді алға жылжытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Тараптар, сондай-ақ Қазақстан мен Польша арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқылады. Бүгінгі таңда Польшада 800-ге жуық қазақстандық студенттер білім алатыны белгілі. Сыртқы істер ведомстволарының өкілдері биылғы жылы екі ел арасында тарихи және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар мәдени іс-шараларды өткізуді талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26556?lang=kk