ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың Қазақстан үшін басым бағыттары Душанбе шаһарында жарияланды
12.04.2025 13:03:59 561ДУШАНБЕ, 2018 жылғы 17 сәуір – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Душанбе қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 23-ші отырысына қатысты.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымында төраға мәртебесін Пәкістаннан өз қолына алған Тәжікстанның басқаруымен өткен министрлік жиынға қатысушыларының назарына ЭЫҰ Бас хатшысының есептік баяндамалары мен «ЭЫҰ-2025-тің даму перспективалары» атты құжаттың жүзеге асырылуы үдірісі жайында ақпарат ұсынылды. Делегациялар басшылары Ұйымның және оның жанындағы мамандырылған агенттіктер мен өңірлік деңгейдегі институттардың ішкі құрылымы және жарналар жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл аударды. Бұдан бүрын Ұйымның Бас хатшысы орынбасарының қызметін атқарған Иранның өкілі Хади Солейманпур СІМК шешімімен ЭЫҰ-ның жаңа Бас хатшысы лауазымына тағайындалды.
Ұйымға мүше мемлекеттердің алдында ЭЫҰ шеңберінде көлік, өңірлік көлемдегі сауда және инвестициялар салаларының Қазақстан үшін қаншама өзекті екенін атап өткен және қатысушалырды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әлеуетін кеңінен пайдалануға шақырған Қазақстан делегациясының басшысы сонымен қатар ЭЫҰ-ның тиімділігін арттыру мәселесі Ұйымды алдымен реформалауды қажет ететінін анық айтты.
Кездесудің қорытындылары бойынша Душанбе Коммюникесі қабылданды.
СІМК жиынының шеңберінде Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен және Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Зарифпен кездескен А.Камалдинов олармен Бесінші Каспий Саммитіне дайындық барысы жайында пікір алысты. Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сирожиддин Асловпен екіжақты кездесуі барысында қазақстандық дипломат Тәжікстанды 2018-2020 жылдарға АӨСШК төрағасы лауазымына ие болуымен құттықтады.
Қазақстан 1992 жылдан бері ЭЫҰ-ның мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні Ұйым құрамына Қазақстанмен бірге Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан кіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/26614?lang=kk