«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ» АКЦИЯСЫ

«ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ» АКЦИЯСЫ

14.04.2025 09:33:10 907

Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында елордада Астана мейірімділер клубы (Клуб Добряков Астаны) мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Тілектер шыршасы» акциясының ашылуы болды.

Іс-шараның мақсаты – психикалық-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты ауруларына шалдыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау және оларға әлеуметтік қолдау көрсету.
Акцияның ашылуы ерекше балалардың тілектері жазылған жаңа жылдық шырша қойылған «Сарыарқа» ОСО-да өтті.
Қайырымдылық шарасын ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев және Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева ашып, балаларға жаңа жылға Аяз Атадан алғысы келген сыйлықтарын табыс етті.
Астана қаласында Жаңа жылдық шыршаларға қатыса алмайтын аталған ауру түрлеріне шалдыққан балалар саны өте көп. Осыған байланысты 10 күн ішінде Астана мейімділер клубының (Клуб Добряков Астаны) еріктілері мен ІІМ қызметтері, өңірлік ішкі істер, төтенше жағдайлар, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері балалардың тілектерін орындап, үйлеріне сыйлықтарын апарады.
Тілектер шыршасы 19-29 желтоқсан аралығында «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығының 3-қабатында тұратын болады. Барлық қала тұрғындары мен қонақтары балалардың жаңа жылдық тілектерін орындауға атсалыса алады. Шыршаға бекітілген арнайы конверттерде балалардың тілектері жазылған.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/27855?lang=kk