«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІНДЕ» 30 СТАРТАП-КОМПАНИЯ АКСЕЛЕРАЦИЯДАН ӨТТІ

«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІНДЕ» 30 СТАРТАП-КОМПАНИЯ АКСЕЛЕРАЦИЯДАН ӨТТІ

14.04.2025 09:33:20 1820

2016 жылы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКҚ) инновациялық компаниялар мен стартаптарға арналған акселерация бағдарламасының өзектілігін арттыру мақсатында жетілдірілді. Акселерацияны жетілдіруде басқа елдердің тәжірибесі ескерілді. Аталған бағдарлама іріктеуден өтіп, «ИТП» ДКҚ жеделдеу бағдарламасының резиденттері болған стартаптардың дамуы мен жеделдеуі үшін қолайлы алаң болып табылады. Бағдарлама клиенттерді тарту жолдарын таңдап бағыттауға, нарық сарапшыларымен кездесулер ұйымдастыруға, жұмысқа қабілетті бизнес-моделді анықтауға, өнімді әзірлеу әдістерін зерттеуге көмектеседі.

Акселерация бағдарламасына стартаптарды тарту мақсатында 2016 жылы «ИТП» ДКҚ 4 рет Startup Day инновациялық байқау өткізді. Байқаулардың барысында инновациялық компаниялар мен стартаптар өз шешімдерін жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынуға мүмкіндік алды. Сонымен бірге, 2016 жылы үздік компаниялардың технологиялық тапсырыстарын шешуге бағытталған Tech Garden Cup хакатоны өткізілді. Осы байқаулардың жеңімпаздары «ИТП» ДКҚ жеделдеу бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алды.

Нәтижесінде, 2016 жылы 30 стартап-компания акселерациядан өтті. Бағдарламасы аясында 2016 жылдың 1 қаңтары мен 15 қарашасы аралығында «ИТП» ДКҚ 10 курс, 11 семинар, 12 тренинг және 25 мастер-класс өткізді. Сондай-ақ, 5 ірі іс шара ұйымдастырды. Бұл халықаралық дәрежеге сай оқыту әдістерін қолдануда мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.

Акселерация бағдарламасына қатысатын стартаптар келесі бағыттар бойынша бөлінеді: «Ақылды индустрия, Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар», «Ақылды орта», «Жаңа энергетика және таза технологиялар»,  «Fintech, E-commerce және жаңа медиа».

Қазіргі кезде стартаптардың даму деңгейі әртүрлі. Әлемдік тәжірибеге сәйкес, инновациялық стартаптардың дамуы белгілі бір уақытты қажет етеді. Қазіргі кезде аталған стартаптардың көбі серпінді дамуда. Бірқатар стартаптар 24 млн. теңгеден 180 000 АҚШ доллары шамасында жекеменшік инвестиция тартты. Өзге стартаптар үздік салалық компаниялармен ынтымақтастық орнатып, ортақ жобаларын іске асыруда.

2015 жылы қабылданған 25 компанияның ішінен 15 компания акселерацияны сәтті аяқтады. 2016 жылы  қабылданған 30 компанияның барлығы жеделдеу бағдарламасын сәтті аяқтады. Нәтижесінде 7 компания «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының резиденті болып, тағы 1 компания кіруге дайын.

Акселерация бағдарламасының тиімділігін арттыру мақсатында негізгі екпін инновациялық жобаларды инвестициялауға қызығушылық танытатын жеке инвесторлар желісін сондай-ақ, индустриялды сарапшылар желісін дамытуға бағытталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/27923?lang=kk