Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстырылды
14.04.2025 09:33:24 319Нью-Йорк, 2018 жылы 19 қаңтар - 18 қаңтарда БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексінің алғашқы жобасы таныстыруға арналған жоғары деңгейдегі арнайы іс-шара өтті. Құжатты Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ресми түрде жариялады.
Іс-шара БҰҰ-да қызығушылық тудырды. Жобаны таныстыру мен оны талқылауға ұйымның 100-ден аса мүше-мемлекетінің делегациясы қатысты. Жоғары дәрежедегі қатысушылар арасында Кувейттің премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Сабах аль-Халед ас-Сабах пен Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Хикмет Карзай болды. БҰҰ Бас хатшының орынбасары – Контртеррористік басқарма басшысы Владимир Воронков пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча баяндама жасады.
Қазақстаннның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қ. Әбдірахманов отырысты аша отырып, Қазақстанның халықаралық терроризмге қарсы күреске қосқан үлесі ретінде бастамашылық жасаған кодекс бойынша жұмыстың мақсаттары мен негізгі мазмұнын атап өтті. Құжаттың негізгі мақсаты – терроризмнен азат әлем құру мақсатында 2045 жылы БҰҰ-ның жүз жылдығына қол жеткізу және контртерроризм бойынша серіктес-елдердің кең халықаралық коалициясын құру.
В. Воронков қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оны тұрақты дамыту жолындағы Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады. Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Астананың рөлі мен жұмысын, әсіресе осы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі басты жаһандық органдағы табысты төрағалығын және террористік құрылымдармен қарсы күрес мәселелерімен байланысты үш санкциялық комитетке басшылығын ерекше атап өтті. Жоғары лауазымдағы БҰҰ дипломатының пікірінше, контр-терроризм Бас хатшы Антониу Гутерриштің реформалары бағдарламасының ең негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Ол Жаһандық контртеррористік стратегияның (ЖКТС) іске асыру жақсы келісімділікті, әлеуетті нығайтуды және берік әріптестікті қамтамасыз ететініне сенім білдіреді.
Осыған байланысты В. Воронков ЖКТС іске асыру бойынша Орталық Азиядағы Бірлескен іс-қимыл жоспарын (БІҚЖ) қабылдауды және Қазақстанның оның доноры ретінде қосқан үлесін құптады. Сонымен қатар, ол ЖКТС іске асырылуын кезекті екі жылдық шолуында және 2018 жылы маусым айының соңында БҰҰ ұйымдастырып отырған мүше мемлекеттердің контртеррористік құрылымдары басшыларының кездесуі барысында одан әрі пысықталатын Тәртіп кодексінің дайындығы бойынша Астананың бастамасына жоғары баға берді.
М. Енча өзінің баяндамасында контртерроризм бойынша Қазақстан мен БҰҰ мақсаттарының сәйкес келетінін тілге тиек етіп, осы бастамада Астанаға сәттілік тіледі. Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталықты басқарған кезінде қабылдаған БІҚЖ 2011 жылғы тәжірибесімен бөлісе отырып, ол әлемнің басқа түпкірлері үшін үлгі ретінде жоспарды жоғары бағалады. Сонымен қатар, ол ұзаққа созылған қақтығыстардың, зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмнің арасындағы байланысқа, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемдегі қарулы қақтығыстарды алдын алу жөніндегі кешенді шараларды, атап айтқанда превентивті дипломатияны қолдану арқылы үнемі жаңарту қажеттілігіне басты назар аударылды.
Ауғанстан сыртқы істер министрінің орынбасары Тәртіп кодексінің жобасына жоғары баға беріп, халықаралық ынтымақтастық пен БҰҰ контртеррористік архитектурасын нығайтудағы маңызды қадам екенін атап өтті. Террористік актілер үшін аумақты бермеу, терроризмге нөлдік толеранттылық, тұтастық көзқарас және терроризмді болдырмау сияқты құжаттың бірнеше маңызды тармақтары оған ерекше әсер қалдырды. Х.Карзай Тәртіп кодексі халықаралық қоғамдастықтың ұжымдық қолдауына лайық екенін атап, осы құжаттың мәтіні бойынша ашық пікірталастарға үміт білдірді.
Отырыста сөз сөйлеген Қауіпсіздік Кеңесінің мүше-елдері делегациялары Қазақстанның бастамасын қолдады және болашақта жобаны жетілдіру мақсатында талқылауға, сондай-ақ терроризмге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды негізі болуға бағытталған кешенді құжатты мақұлдауға дайын екендіктерін жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28253?lang=kk