«Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалығының басты тақырыбы

«Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» – Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі төрағалығының басты тақырыбы

14.04.2025 09:33:27 473

АСТАНА, 2017 жыл 4 қаңтар – Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі қызметі туралы айтты.

Е. Ашықбаев БҰҰ ҚК-дегі төрағалығы барысында қазақстандық делегация Президент Нұрсұлтан Назарбаетың Қауіпсіздік Кеңесіне жолдаған «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Саяси үндеуінде айқындалған жеті басымдықты іске асыруды жалғастыратын болады.

Бірінші жұмыс күні БҰҰ ҚК мүшелері Кеңестің қаңтарға арналған жұмыс жоспарын қарастырып, қабылдады және оның толықтығын, мазмұндылығын, өзектілігі мен теңгерімділігін атай отырып, жан-жақты қолдау білдірді. Министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК тәжірибесіне Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа тұрақты емес мүшелерінің туларын көтеру салтанатын енгізгенін атап өтті.

Баспасөз конференциясы барысында Е. Ашықбаев 18 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін «Жаппай қырып-жою қаруын таратпау: сенім шаралары» тақырыбында жоғары деңгейдегі брифинг өтетініне назар аударды. Іс-шарада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, сондай-ақ БҰҰ ҚК мүше елдерінің жоғары деңгейдегі өкілдері өз баяндамаларын таныстырады деп күтілуде. «Тақырыптық брифинг қазақстандық дипломатияның дәстүрлі басымдықтарымен және Мемлекет басшысының сыртқы саяси бастамаларымен айқын үйлеседі», - деді министрдің орынбасары.

БҰҰ ҚК төрағалығы барысындағы басқа маңызды іс-шара Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың қатысуымен өтетін «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік әріптестікті құру» тақырыбындағы министрлік пікірталастары болады.

Ауғанстанға қатысты Е. Ашықбаев басқа жанжалды облыстарда қолдану үшін үлгі болуы мүмкін, ауған проблемасын шешудің үш негізгі аспектісін атады, олар: қауіпсіздік пен даму арасындағы тығыз байланыс, әртүрлі проблемаларды шешу үшін өңірлік көзқарас және БҰҰ құрылымдары арасындағы кешенді даму стратегиясы. Сонымен қатар ол ауған проблемасын реттеу өңірдегі елдердің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызы бар екенін атады.

Дәстүрлі түрде қаңтарда Қазақстанның төрағалығымен Кеңесте Сирия, Ливия, Конго Демократиялық Республикасы, Орталық Африка Республикасы, Батыс Африка мен Сахель, Оңтүстік Судан, Мали, Сомали, Кипр және Колумбия елдеріндегі жағдайлардың ашық және жабық талқылаулары өтеді. 25 қаңтарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің деңгейінде «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тақырыбындағы тоқсандық ашық пікірталастар болады. Төрағаның бірқатар қарарлары мен мәлімдемелері қабылданады деп жоспарланған.

Сонымен қатар министрдің орынбасары Қазақстанның БҰҰ ҚК-дегі мүшелігінің бірінші жылы туралы әңгімеледі. Қазақстан делегациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының 61 қарарын қабылдауда, оның ішінде 11 тең авторлықта және 27 мәлімдемесінде өз үлесін қосты. Қазақстан үшін басты мәселелер, соның ішінде превентивті дипломатия, сенім шараларын нығайту, таратпау, жанжалдарды реттеу, халықаралық терроризмге қарсы тұру және т.б. мәселелер айтылды. Осылайша, Қазақстан әділ медиатор ретінде бүкіл әлемнің жалпы мүддесі үшін әрекет етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/28401?lang=kk