Баспасөз хабарламасы 2018 жылы 26 шілдесінде ҚР Премьер-Министрі Б.А. Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.
14.04.2025 09:33:34 1524Сапар аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі тарапынан, Батыс Қазақстан облысының мұнай-химиялық кешенін дамыту міндеттері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Б.О. Ақшолақов өз сөзінде аймақтағы газ және электр энергиясын жеткізу жобалары бойынша әкімдікпен, оның ішінде «Нұрлы-жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында бірлескен жұмыс туралы айтып берді.
Батыс-Қазақстан облысының газдандыру деңгейі 94% (тоқсан төрт) пайызды құрайды, бұл шамамен 614 (алты жүз он төрт) мың тұрғын газбен қамтамасыз етілген (барлығы 642,2 мың тұрғын). Барлығы 444 (төрт жүз қырық төрт) елді мекен ішінен 328 (үш жүз жиырма сегіз) елді мекенде газға қол жеткізілді (газдандырылмаған - 116).
2018 жылы республикалық бюджеттен Бөкей орда ауданының 11 елді мекен, Ақжайық ауданының 11 ауылын, Қазтал ауданының 5 ауылын және Теректі ауданының 7 ауылын газдандыру үшін 1,8 (бір де сегіз) млрд. теңге бөлінді (2018-2020 жж.).
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шеңберінде Жанғалы ауданының Жаңағал ауылында (мерзімі 2018 жылы) және Орал қаласының «А» тұрғын алабын газбен қамтамасыз ету үшін (мерзімі 2018-2018 жж.) 2 газдандыру жобасын іске асыруға 410,6 млн. теңге бөлінді
Республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде 2019-2021 жылдары Қазтал ауданының 9 елді мекенінде және Теректі ауданының 7 елді мекенінде 1,7 млрд. теңге көлемінде газдандыру жобаларын іске асыру аяқталды.
Облыс әкімдігі тиісті бюджеттік өтінімдерді жасады.Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім ҚР Қаржы министрлігінде қаралуда, деп хабарлады энергетика вице-министрі.
Облыстың энергетикалық жүйесін дамытуға қатысты Болат Ақшолақов «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 2018 жылға республикалық бюджеттен 5 жобаға шамамен 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінгенін айтты. Бөлінген қаржы Орал қ. «А» тұрғын үй ауданын электрмен жабдықтауға, Ақжайық ауданындағы Чапаево ауылында жүзеге асырылатын Жанғалы ауданының Жаңағал ауданы, Бөкейорда ауданы Сайхин ауылының шығыс бөлігі және Зеленов ауданы Даринское ауылындағы тұрғын үй құрылысы сияқты жобаларға жұмсалады.
Бұл жобаларды іске асыру 1,5 мыңнан астам тұрғын үй мен 13,5 мың пәтерді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
«Нұрлы жер» бағдарламасының аясында ағымдағы жылы электр энергиясының 4 жаңа жобаларын іске асыруды аяқтау және іске қосу үшін Қаржы министрлігіне 1,8 млрд. теңге (2019-2021 жж.) бюджеттік өтінім берілді, оның ішінде құны 15,2 млн. теңгені құрайтын (2019ж.) Бөкейорда ауданы Сайхин ауылында электр желілерін салу жобасы қарастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/28759?lang=kk