Аншлаг және тағы да аншлаг

Аншлаг және тағы да аншлаг

14.04.2025 09:33:51 308

Қазіргі уақытта «Астана Опера» балеттік труппасыаты аңызға айналған петерборлық театрдың жаңа сахнасында репетициясын жүргізуде, ал Мариинский театрының Симфониялық оркестріқазақстандық әріптестері: спектакльдің қоюшы дирижері АрманОразғалиев, «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, флейта тобының концертмейстері АлексейКосырев, арфашы Любовь Ткаченко және соқпалы аспаптар тобының үш музыкантымен бірге партитурамен жұмысты бұдан бұрын бастаған.

- Дүние жүзіндегі ең атақты опералық театрлардың бірінің сахнасында өнер көрсету, біз үшін үлкен құрмет әрі жауапкершілік. Қос ұжым арасында жемісті ынтымақтастық жалғасын тапқанына бірнеше жыл болды. Петерборлық көрерменнің гастрольдік спектаклімізге қызығушылық танытқаны, сөзсіз, бізді қуантпай қоймайды.Үлкен табыспен өнер көрсетеміз деп үміттенеміз, - деді «Астана Опера» театрының директорыҒалым Ахмедьяров.

Мариинский театрында Квазимодо партиясын көптеген халықаралық байқаулардың Бас жүлде иегері Бақтияр Адамжан жәнеҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Сейітпеков орындайтынын еске салайық. Эсмеральда рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әйгерім Бекетаева және Мәдина Баспаева. Феб – халықаралық байқаулардың лауреаттары Олжас Тарланов пен Арман Оразов. Клод Фролло – халықаралық байқаулардың лауреаттары Ғазиз Рысқұлов, Серік Нақыспеков. «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі – Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова.

Виктор Гюгоның аттас романы бойынша 1965 жылы қойылған француздық хореография жауһары, күні бүгін де өзектілігін сақтаған, бұл аталған қойылымға көрерменнің қызығушылығы шексіз екенін дәлелдейді. Оны жарыққа шығарғандардың –«Оскар» сыйлығының үш бірдей иегері, композитор-авангардшы Морис Жарр, XX ғ. атақты балет классигі Ролан Пети, барлық заманның үздік кутюрьелерінің бірі Ив Сен-Лоран және белгілі театрлық суретші Рене Аллио– нәзік те мінсізталғамы, сарқылмасқиялы мен жаңашылдыққа әуестігі дүниеге нағыз ғажайыптың –неоклассиканың нағыз «маржанының» келуіне негіз болды.

«Астана Опера» сахнасында «Париж Құдай Анасының соборы» спектакліне көрермен де, қатал сыншылар да бірдей тәнті болды. Қойылым театр тепертуарында ерекше орынға ие. Өнертанушы Лира Бекболатова балетке деген таңданысын Esquire басылымында былай білдірді: ««Париж Құдай Анасының соборы» балеті «Астана Опера» театрының ең ерекше тұсаукесері екенін әсірелеместен атап өтуге болады».

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/29390?lang=kk