2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

14.04.2025 09:33:52 1513

2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі арасында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың орындалуына бақылау жасауды күшейту мақсатында асыл газдар мониторингінің радионуклидтік станциясы түрінде мүліктей салым бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде Канаданың Сыртқы істер, сауда және даму министрлігі Қазақстан Республикасына өтеусіз негізде асыл газдарға мониторинг жасау үшін радионуклидтік станцияны жеткізуді жүзеге асырады.

Станция өңірде ядролық сынақтардың салдарынан пайда болатын радиоактивті инертті газдардың болу нышанына ауа мониторингін күшейтуге мүмкіндік береді, және дүние жүзінде жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін күшейтуге жағдай жасайтын болады.

Қазақстан Республикасы мен Канада Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТСШ) және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚТТШ) мүше болып табылады, ядролық қаруды таратпау және қарусыздандыру режимін жан-жақты нығайту бойынша мүдделері ортақ.

Қазақстан Республикасы Президентінің әлемдік қауымдастықпен мойындалған ядролық қаруды таратпау саласындағы саясатының арқасында канадалық тарап радионуклидтік станцияны Қазақстанда орнатуды ұсынды.

Құны 1 600 000 канадалық долларға тең станцияны пайдалану Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы – Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына тапсырылды.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін қолдау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында Қазақстандағы жетекші ғылыми ұйым болып табылады.

Станцияны пайдалану барысында Канада мен Қазақстан ядролық қарусыз әлем саясатын нығайту мақсатында Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымымен тығыз ынтымақтастықта болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/29416?lang=kk